Ертең Қазақстанның бірнеше өңірінде қатты жел соғып, найзағай мен бұршақ болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.
Ертең Қазақстанның бірнеше өңірінде қатты жел соғып, найзағай мен бұршақ болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, 31 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Петропавлда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні күндіз 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, батыстан, жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.