Бұл аптада Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады - кей жерлерде жаңбыр, кейбір аудандарда бұршақ жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мамандарына сілтеме жасап.
Бұл аптада Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады - кей жерлерде жаңбыр, кейбір аудандарда бұршақ жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мамандарына сілтеме жасап.
Еліміздің көп бөлігі қалың циклон ықпалында болады, соған байланысты Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысында толассыз жаңбыр жауады. Бұл өңірлерде бұршақ жауып, секундына 17-23 метрге жететін күшті жел соғады. "Қазгидромет" РМК қысқа мерзімді болжамдар басқармасының инженері Алуа Саханованың айтуынша, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасы 20-28 градусқа дейін төмендейді. Анағұрлым бұлыңғыр ауа райы 15-16 шілде күндері байқалады.
Ал Павлодар, Ақмола, Қарағанды облыстарында алдағы күндері ауа температурасы 28 градусқа дейін жоғарылайды. Еліміздің батысында күн ыстық болады. Бұл аймақтарда температура кей жерлерде 41 градусқа дейін көтеріледі. Айта кетейік, Қазақстанда аптап ыстық өрт қауіпсіздігі тәртібін енгізуге себеп болып отыр. 14 шілде күні Батыс Қазақстан облысының Қазталов, Ақжайық, Шыңғырлау, Сырым, Қаратөбе, Жаңақала, Бөкей ордасы, Бөрілі аудандары дала өрті үшін қауіпті өңірлер саналды.