24 шілде 2019 | 17:09

Еліміздің он өңірінде өрт қаупі бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еліміздің он өңірінде өрт қаупі бар, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Еліміздің он өңірінде өрт қаупі бар, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республиканың барлық аумағында (Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында) өрт қаупі белгіленді.

"Өткен тәулікте 23.07.2019 жылы Ақмола (Ақкөл ауданы), Ақтөбе (Ырғыз, Мұғалжар аудандары), Жамбыл (Мерке, Талас аудандары), Қостанай (Алтынсарин, Қамысты аудандары), Павлодар (Шарбақты аудандары), Солтүстік Қазақстан (Айыртау ауданы) облыстарында 11 учаскеде табиғи өрттер оқшауланып, жойылды. Аталған өңірлерде жергілікті жерлерде және орман шаруашылықтарында құрғақ шөп пен ормандар өртенді. Отпен өткен жалпы ауданы 10 мың га құрады. Өрттің алдын ала себебі-найзағай разряды және тұрғындардың отпен абайсыз болуы. Табиғи өрттерді жоюға орман шаруашылығы, ерікті өрт сөндіру құрылымдары, ТЖД күштері мен құралдары тартылды", - дейді ведомстводағылар.

Қазіргі уақытта ТЖ комитетінің бақылауында Жамбыл, Қарағанды және Түркістан облыстарындағы құрғақ шөптің жануы, сондай-ақ Павлодар және Қостанай облыстарындағы орман алқаптарының жануы фактілері бар.

24.07.2019 жылытаңертең дала жануы бойынша жағдайды анықтау үшін ТЖД және орман шаруашылығы күштері ТЖМ Ми-171 құтқару авиациясы тікұшағымен Жамбыл облысының Меркі және Талас аудандарының жану аумағын аралап шықты. Ұшудың нәтижесі бойынша Меркі ауданында құрғақ шөптің жануының тағы бір ошағы табылғаны анықталды.

Сонымен қатар, 24.07.2019 жылыПавлодар облысы Шарбақты ауданында, Қостанай облысы Әулиекөл ауданында орман алқабының жануының жаңа фактілері тіркелді. Өрт алаңы мен себебі анықталуда. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өртті жоюға ТЖД, ерікті өрт сөндіру құрылымдары, орман шаруашылығы күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Қарағанды облысында 24.07.2019 жылыШет және Жаңаарқа аудандарында болған құрғақ шөптің жануына байланысты 2 жағдай орын алды, ерікті өрт сөндіру құрылымдары жұмылдырылды.

Түркістан облысында 24.07.2019 жылы болған Сарыағаш және Түлкібас аудандарында құрғақ шөп өртенді, ерікті өрт сөндіру құрамалары, ТЖД, жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды.

Жыл сайын табиғи өрттер мемлекетке үлкен материалдық залал әкеледі, флора мен фаунаға орны толмас зиян келтіреді.

Ағымдағы жылдың басынан бері 296 орман (+67 пайыз, 2018 жылы - 177) және 13 дала өрті (-38 пайыз, 2018 жылы - 21) тіркелді, 2 310 жану (+37 пайыз, 2018 жылы - 1 685) болды.

"Табиғи өрттердің туындау қатерін болдырмау және азайту мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдар алдын алу шараларының кешенін жүргізеді. Орман-дала алқаптары мен демалыс орындарында 3 300-ден астам бірлескен рейд жүргізілді. Нәтижесінде 558 адам әкімшілік жауапкершілікке заңсыз өртеу, ауыл шаруашылығы алқаптарында құрғақ шөптің бақыланбайтын құлауы, сабынды өртеу және басқа да өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін тартылды. ТЖ комитеті халықты өрт қауіпті кезеңде орманда және далада өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды", - делінген ескертуде.

Айта кетейік, орманда жанып жатқан сіріңке мен темекі тұқылын тастауға, от жағуға және өрт қауіпті кезеңде қоқыстарды жағуға, орманда май сіңген және бензин сіңдірілген сүрту материалын қалдыруға, шыны ыдыс және сынған шыны қалдыруға тыйым салынады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети