Синоптиктер ертең, 5 ақпанда елімізде ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Синоптиктер ертең, 5 ақпанда елімізде ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қазгидромет" орталығының хабарлауынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын күтіледі, тек оңтүстік-батыста, оңтүстікте, солтүстікте, солтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, желдің күшеюі ықтимал.
"Жамбыл, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын және желдің күшеюі сақталады, екпіні - секундына 15-23 метр. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, бұрқасын күшейеді", - деп ескертті метеорологтар.
Сонымен қатар, Қызылорда, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, жылдамдығы секундына 18 метр жел болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.