Еліміздің оңтүстігінде коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын зауыт болады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© primeminister.kz © primeminister.kz

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Жамбыл облысында Қордай ауданының Гвардейский қала үлгісіндегі кентінде ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты (ҒЗИ) жанындағы вакцина шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылысын бастап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рrimeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Жамбыл облысында Қордай ауданының Гвардейский қала үлгісіндегі кентінде ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты (ҒЗИ) жанындағы вакцина шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылысын бастап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рrimeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Зауыт тиісті өндірістік тәжірибенің (GMP) халықаралық стандарты бойынша иммунобиологиялық дәрі-дәрмектер, оның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина шығарады. Қазіргі таңда Қазақстан ҒЗИ-ның COVID-19-ға қарсы кандидаттық вакцинасы ДДСҰ тізіміне енгізілген және клиникаға дейінгі сынақтан сәтті өтіп жатыр.

Сондай-ақ кәсіпорында пандемиялық тұмауға, туберкулезге, бруцеллезге, нодулярлық дерматитке, ұсақ күйіс қайыратын жануарлар обасына, қой мен ешкінің контагиозды эктимасына, қой шешегіне, құтырмаға және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакциналар шығарылады.

Құрылыс жұмыстарын биыл желтоқсан айында аяқтау және жыл сайын биофармацевтикалық препараттардың 60 миллион дозасына дейін өндіру көзделген.

ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ 1958 жылы КСРО-ның 6 ірі вирусологиялық институтының бірі ретінде құрылды. Штат 214 ғылыми қызметкер мен жетекші вирусолог-ғалымдардан (академиктер, докторлар және ғылым кандидаттары, PhD) құралған, қауіпті инфекциялармен жұмыс істеуге арналған 13 зертхананы қамтиды.

ҒЗИ ауыл шаруашылығына және денсаулық сақтау жүйесіне арналған вакциналар әзірлейді, иммундық-биологиялық препараттар шығарады, биологиялық қауіпсіздік қаупі саласында зерттеулер жүргізеді, қауіпті және аса қауіпті ауруларды диагностикалау бойынша тест жүйелерін әзірлейді, вирустар мен микроорганизмдердің қауіпті және аса қауіпті штаммдарының депозитарийі саналады.

Қазіргі уақытта ҒЗИ 5 зертхана базасында отандық вакциналардың 67 түрін өндірді, оның ішінде, денсаулық сақтау саласы үшін жоғары патогенді құс тұмауына қарсы (әлемде 7) және жоғары патогенді шошқа тұмауына қарсы (әлемде 6), ауыл шаруашылығы саласы үшін құс тұмауына қарсы (әлемде алғашқылардың бірі), бруцеллезге қарсы жаңа векторлық вакцина (әлемдік аналогтардан асып түседі). Осы жылы аусылға қарсы вакцина және 4 СОVID-19-ға қарсы вакцина әзірленуде.

ҒЗИ шетелге вакциналар жеткізуші ретінде Кеден одағының тізіліміне енгізілген, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше мемлекеттердің вакциналарды өндірушілер тобына кіреді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro