Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы төрт күнге дауыл болатыны жайлы ескерту жарияланған, - деп хабарлайды елордалық әкімдіктің ресми сайты "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме дасап.
Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы төрт күнге дауыл болатыны жайлы ескерту жарияланған, - деп хабарлайды елордалық әкімдіктің ресми сайты "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме дасап.
2 қарашада Астанада жел төменнен соғады. Күндіз ауа температурасы 2 градус нөлден жоғары. 3 қарашада - оңтүстік бастыстан соққан жел секундына 15-20 метр болады. 3-4 қарашада мұзтайғақ болады.
2 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы бойынша оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр, кей жерлерде екпіні секундына 23-28 метр болады деп күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.
Петропавл қаласында 2 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр, күндіз екпіні секундына 25 метр болады деп күтіледі. Көктайғақ болады.
2-4 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр, күндіз 2 қарашада, түнде 3 қарашада екпіні секундына 25 метр күшейеді.
2 қарашада тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.