Елорда әкімі алданып қалған үлескерлердің тізіміне қалай ілікпеуге болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елорда әкімі алданып қалған үлескерлердің тізіміне қалай ілікпеуге болатынын айтты Сурет: astana.gov.kz

Елорда әкімі алданып қалған үлескерлердің тізіміне қалай ілікпеуге болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елорда әкімі алданып қалған үлескерлердің тізіміне қалай ілікпеуге болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Биыл Нұр-Сұлтанда 8 мың үлескері бар 20 үй пайдалануға беріледі. Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаланы аралау барысында "Бағыстан" тұрғын үй кешенінің құрылысы барысымен танысып, үлескерлермен әңгімелесті.

"Алтын шар", "Бағыстан" сияқты құрылысы ұзаққа созылған нысандардың құрылысымен айналысатын "GLB" комбинатының кәсіпорын қызметкерлерінің алдында 600 млн теңгеден астам қарызы бар. Кредиторлар алдында да қарызы бар. Мемлекет қолдауының арқасында бұл сома өтеліп, бірқатар мәселелер шешілді. "GLB" комбинаты осы уақытқа дейін өздеріне тиесілі жұмысты атқармаған.

Осы шаралардың барлығын үлескерлердің мәселелерін шешуге бағытталған. Қазір құрылыс жұмыстары басталды. Мақсатымыз - үлескерлерге пәтер кілтін табыстау.

Әкімдіктің ресми сайтында жосықсыз құрылыс салушылардың аттарын жариялаймыз, сондай-ақ заңнамаға өзгерістер қабылданды. Бірақ қала тұрғындары құрылыс салушылар туралы барлық мәліметті тексеріп, рұқсат құжаттарының және басқаларының болуын сұрауы тиіс", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

"Бағыстан","Алтын шар" үйлері биыл пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, "GLB" үй құрылысы комбинаты әлеуметтік тұрғын үй құрылысына тартылды. Модульдік үй құрылысы үйлердің сапасына нұқсан келтірмей шаршы метрдің өзіндік құнын төмендетуге және ғимараттарды салу мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети