24 маусым 2020 | 16:47

Елорда әкімдігі дәріханаларға халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді тапсырды

Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан әкімдігі халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін уақтылы шаралар қабылдап жатыр, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан әкімдігі халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін уақтылы шаралар қабылдап жатыр, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Әкімдік қаладағы дәріханаларда вирусқа қарсы дәрі-дәрмектердің болуын үнемі қадағалап отырады. Елордада коронавирус жұқтыру дерегінің көбеюіне байланысты және инфекциялық аурулардың алдын-алу үшін қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.

Реклама
Реклама

"Елордалық дәріханаларда тұрғындарға қажетті барлық дәрі-дәрмек болуы керек. Дәрі-дәрмектердің негізгі ассортиментінің болуын бақылау қажет. Дәріханаларға дәрі-дәрмектерді уақтылы және жеткілікті мөлшерде сатып алу керек", - деді Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен дәріхана желілері басшыларымен онлайн-кездесуде.

"Біз көтерме дәріхана ұйымдарына және Нұр-Сұлтан қаласының дәріханалық ұйымдарына дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды үздіксіз жеткізуді ұйымдастыруды тапсырамыз", – деп атап өтті Мәкен.

"Нұр-Сұлтан қаласы фармацевтикалық қауымдастығының" директоры Гүлнарай Алмурзинаның айтуынша, қалада кейбір дәрі-дәрмектертің тапшылығы байқалады.

"Өткен аптадан бастап қала тұрғындары вирусқа қарсы препараттар, азитромицин антибиотиктерін сатып алды. Біз анализ жүргізіп, дәрі-дәрмектердің 41 атауы көрсетілген кесте құрдық. Мемлекеттік агенттіктің дәрі-дәрмектерді халыққа қанша мөлшерде таратуға болатындығы туралы меморандумға қол қоюға шешім қабылданды. Ал антибиотиктер мен рецепт бойынша дәрі-дәрмектер, бұрынғыдай, дәрігердің нұсқауымен ғана жіберіледі", - деді Алмурзина.

Сонымен қатар, ол дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін ескере отырып, олардың балама нұсқалары дәріханаларда "Панадол", "Эфералган", "Ибупрофен", "Ибуфен", "Миг", "Новиган" бар екенін атап өтті.

Айта кетейік, елордада коронавирус жұқтырудың 3484 дерегі тіркелді. Оның ішінде 2 501 науқас жазылды, 38 адам қайтыс болды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная