Елорда әуежайы жанармай сатуға қатысты ақпарат бойынша пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елорда әуежайы жанармай сатуға қатысты ақпарат бойынша пікір білдірді Фото:elements.envato.com

Елорда әуежайы жанармай сатуға қатысты ақпарат бойынша пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елорда әуежайы жанармай сатуға қатысты ақпарат бойынша пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ жергілікті және шетелдік тасымалдаушыларға аэродромдық және жерүсті қызметтерін, соның ішінде авиациялық жанар-жағармайларды сатуды қамтамасыз етеді. Жолаушылар рейсін жанар-жағармаймен қамтамасыз етуде әуежайдың үлесі 3 пайыздан аз. Әуежай жүк рейстері мен шағын чартерлерге авиациялық керосин сатады. Негізгі әуекомпаниялар авиакеросинді (Air Astana, Scat және т.б.) өзі құйып отырады.

Әуе билеттерінің бағасын белгілеу әуежайдың құзыретіне жатпайды, бұл ақпаратты әуе кемелеріне тікелей өз авиациялық керосинін құятын әуекомпаниялар бере алады", - деді әуежай өкілдері.

Сондай-ақ, ведомство қызметкерлері әуежайда жолаушылар рейсіне авиакеросин сатылмайтындықтан, әуежай сататын авиакеросин билет құнына әсер етпейтінін қосты.

Бұған дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Нұр-Сұлтан әуежайында жанар-жағармай әртүрлі бағамен сатылғанын, бұл билет бағасына әсер еткенін мәлімдеген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети