12 қараша 2021 | 14:39

Елорда автобустарында жолақыны банк картасымен төлеу қайта іске қосылмақ

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан автобустарында жол ақысын банк картасымен төлеу мүмкіндігі үшінші рет тексеріліп жатыр. Жаңа жүйені мемлекеттік бюджеттің қатысуынсыз инвестордың есебінен орнату жоспары бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан автобустарында жол ақысын банк картасымен төлеу мүмкіндігі үшінші рет тексеріліп жатыр. Жаңа жүйені мемлекеттік бюджеттің қатысуынсыз инвестордың есебінен орнату жоспары бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жолақысын төлеуге қатысты жаңашылдықтар жол жүру құнына әсер етпейді. Осыған дейінгі тарифтер сол күйінде өзгеріссіз қалады. Сондай-ақ, төлем жасау жүйесін жаңарту инвестордың есебінен жүзеге асырылмақ. Яғни бюджет қаражаты жұмсалмайды. Бүгін 3 компания өз өнімін ұсынып отыр, соның біреуін таңдайтын боламыз. Біздің серіктестерімізге қоятын басты талабымыз жаңартылған төлем жасау жүйесінің жолаушылар үшін ыңғайлы болуы. Және жолаушыда таңдау болуы керек", - деді CTS (City Transportation Systems) ЖШС-нің басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов баспасөз мәслихатында. 

Төлем жасау мен бірлікті толтырудың жаңа жүйесі №61 қалалық бағыттағы 3 автобуста және қала маңына қатынайтын №309, 310, 315 қоғамдық көліктерде пилоттық жоба түрінде іске асып жатыр.

CTS-те үш қазақстандық компания ұсынылды, олардың ішінен біреуін таңдайды - Avtobys жобасымен Innoforce шешімдері, SMSBUS ЖШС, сондай-ақ BPC Kazakhstan консорциумы және "Технодата" ЖШС.

Avtobys.kz жол жүру ақысын Bluetooth, QR, NFC және банк карталарының барлық түрлері арқылы төлеуге мүмкіндік береді. SMSBUS банк карталарын, QR, NFC Apple Pay және Samsung Pay пайдаланады. "BPC Kazakhstan" және "Technodata" консорциумы банк карталарын, ApplePay/GooglePay, QR-кодты қолдайды, сонымен қатар смартфондағы мобильді қосымша арқылы жұмыс істейді.

Компания өкілдерінің түсіндіруінше, олардың барлығы қала тұрғындарының қолында бар көлік карталары мен жеңілдік карталарын жаңа жүйеге қосуға дайын.

Игенбердинов қала тұрғындары жаңа жүйені енгізу кезінде де, одан кейін де қолайсыздықты сезінбейтініне сендірді.

"Қолданыстағы жүйе 2014 жылы сатып алынды. Технология дамып жатыр. Қазір қолма-қол ақы төлеу тиімсіз. Ал жаңа технология жолаушыларға әлдеқайда тиімді болады", - деп түсіндірді ол.

2019 жылы да, 2020 жылы да банк карталар арқылы автобустарда төлемді сынау жүргізілді. Компанияның баспасөз қызметінде түсіндіргендей, бұған дейін КТС жүйені бюджет қаражаты есебінен енгізуді қарастырған, бірақ оның құны тым жоғары болды. Ағымдағы жылы компания жүйені орнату үшін төлеуге дайын инвесторды тапты және оның кірісі комиссия арқылы жасалады.

Игенбердинов инвестордың комиссиясы қолданыстағы жүйені ұстауға жұмсалатын шығындардан төмен болатынын түсіндірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети