09 шілде 2020 | 18:09

Елорда дәріханаларына COVID-19-ға қарсы дәрілер апта сайын жеткізіледі - әкімдік

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: asfera.info Фото: asfera.info

Нұр-Сұлтан дәріханаларына COVID-19-ға қарсы дәрілер апта сайын жеткізіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдік сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан дәріханаларына COVID-19-ға қарсы дәрілер апта сайын жеткізіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдік сайтына сілтеме жасап.

Елорда әкімдігінде COVID-19-бен күресу үшін қажет дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, балама дәрілердің тізімін кеңейту, дәріханаларға дәрілерді тарату мәселелері талқыланды.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов дәріхана желілерінің дистрибьюторларымен, фармацевтикалық компаниялар мен дәріханалардың өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді. Нәтижесінде әкімдік денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, елге дәрі-дәрмектерді сатып алу және әкелу процедураларын жеңілдету, логистика мәселелеріне қолдау көрсететін болды.

"Біз мемлекеттік органдармен бірге дәрі-дәрмек қорын толықтыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Біріншіден, сатып алу және әкелу рәсімдері жеңілдетілді. Бюрократиялық мәселелер шешілді. Біз логистика мәселелері бойынша қолдау көрсетудеміз. Екіншіден, тиісті органдар Мемлекет басшысының тапсырмасымен алыпсатарлықты және бағаны заңсыз көтергендерді анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда 8 адам сот шешімін күтіп отыр", - деді қала басшысы.

Оның айтуынша, әкімдік адал кәсіпкерлерге көмектеседі.

"Біз нарықтың адал өкілдеріне көмектесеміз. Ал сіз әлеуметтік жауапкершілігіңізді көрсетуіңіз керек. Дәрі-дәрмектердің бағасын көтеруге, алыпсатарлық жасауға болмайды. Сонымен қатар дәрі-дәрмектердің аналогтарын, балама түрлерін сатып алу қажет. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра береміз", – деді Алтай Көлгінов.

Фармацевтикалық қызмет өкілінің айтуынша, 10 күннің ішінде елге 2 миллионға жуық парацетамол жеткізілген.

"Біз барлық аймаққа дәріні біркелкі таратамыз. Дәріханаларда көптеген дәрі-дәрмектің аналогтары бар. Біз оларды қосымша сатып аламыз. Мысалы, парацетамолды ибупрофенмен алмастыруға болады. Біз вирусқа қарсы және дене қызуын төмендететін дәрілерді аз мөлшерде тұрақты негізде жеткізіп отырамыз. Логистика мәселелері шешілген кезде "Іңкәр" компаниясы аптасына екі рет дәріханалар қорын толықтырады. Басқа фармацевтикалық компаниялар да дәрі-дәрмектерді жеткізу көлемін арттырады", - деді фармацевтикалық қызмет өкілі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети