Елорда емханалары науқастарды жоспарлы қабылдауды тоқтатады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елорда емханалары науқастарды жоспарлы қабылдауды тоқтатады Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Елорда емханалары жоспарлы қабылдау мен науқастарды қарауды тоқтатады , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елорда емханалары жоспарлы қабылдау мен науқастарды қарауды тоқтатады , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 23 маусымнан бастап қала емханаларында науқастарды жоспарлы қабылдау мен қарау тоқтатылады. Атап айтқанда: ересектер мен балаларды профилактикалық қабылдау, оның ішінде скринингтер, жоспарлы стоматологиялық, оңалту қызметтері, денсаулық мектебі, медициналық-әлеуметтік қолдау, МӘС құжат рәсімдеу, күндізгі бөлімнің жұмысы, жоспарлы түрде ауруханаға жатқызуға жолдама беру, тәулік бойғы және күндізді стационар бар. Мамандардың жоспарлы консультациялық көмек көрсетуі онлайн форматқа ауыстырылады. Диспансерлік тіркеуде тұрған азаматтарға қажетті рецепт онлайн беріліп, дәрі-дәрмек үйге дейін жеткізіп беріледі", - делінген хабарламада.

Халықты вакцинациялау екпенің ұлттық күнтізбесі бойынша жоспарлы түрде жүргізіледі. Жүкті әйелдерді қабылдау, УДЗ скрининг жүргізу штаттық режимде қалады. Қала емханалары тек шұғыл және КВИ белгілері бар науқастарды ғана қабылдайды.

Коронавирустың ауру белгілері жоқ науқастарын емдеу үшін медицина қызметкерлері бейнеқоңырау және байланыстың басқа да арналарын пайдалану арқылы азаматтардың денсаулығын қадағалап отырады және инфекцияның симптомсыз түріне қатысты мәселелер бойынша консультация өткізетін болады. Ауру белгілері байқалған бойда науқастарды ауруханаға жатқызады.

22 маусымда қосымша 200 орындық стационар дайындалды. Қажеттілік туындаған жағдайда басқа да ұйымдар стационар ретінде бейімделеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети