Елорда филармониясы Күләш Байсейітованың 110 жылдық мерейтойын атап өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елорда филармониясы Күләш Байсейітованың 110 жылдық мерейтойын атап өтеді

XXVI концерттік маусым шымылдығын Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ оркестрі қазақтың аты аңызға айналған күміс көмей әншісі  Күләш Байсейітованың 110 жылдық мерейтойына арналған "Бұлбұл" атты концертімен ашады. Бұл мерекелік шара 16 қыркүйек күні сағат 19:00-де МАФ концерт залында өтеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

XXVI концерттік маусым шымылдығын Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ оркестрі қазақтың аты аңызға айналған күміс көмей әншісі  Күләш Байсейітованың 110 жылдық мерейтойына арналған "Бұлбұл" атты концертімен ашады. Бұл мерекелік шара 16 қыркүйек күні сағат 19:00-де МАФ концерт залында өтеді.

24 жасында КСРО халық әртісі атанған Күләш Байсейітованың туғанына биыл 110 жыл толып отыр. Қазақ операсының негізін салушылардың бірі, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, көрнекті опера әншісі, драма актрисасы, қоғам қайраткері  Күләш Байсейітованың орны тарихта алтын әріппен сақталды. Бұлбұл әнші бала кезінен халық әндерін тамаша орындаумен, бойындағы әртістік шеберлігімен көзге түсе бастады. Қамшының сабындай қысқа ғана ғұмырында  "Қазақтың бұлбұлы" атанған талантты әнші бүгінгі күні ел аузында қалған аңыз тұлғалардың бірі. Ол қазақстандық және шетелдік операда сан-қырлы образдарды сомдады, оның ішінде Евгений Брусиловскийдің "Қыз Жібек" операсында Жібектің, Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің "Абай" операсында Ажар бейнесін, Петр Чайковскийдің "Евгений Онегин", Джакома Пуччиндің "Чио-Чио сан" операсында басты рөлдерді ойнады. Осы рөлдер арқылы Күләш Байсейітова көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

"Бұлбұл" концертінің қарсаныңда Қазақ оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің иегері, профессор Айтқали Жайымовпен сұхбаттасқан болатынбыз.

"Жаңа маусымды Қазақ оркестрі Күләш апамыздың 110 жылдық мерейтойына арналған концертпен ашады. Күләш апа еліміздің атын асқақтатқан, халық мақтанышына айналған, қайталанбас дауыс иесі. Бұлбұл әнші Күләш апамыз 1936 жылы қазақ мәдениетінің он күндігін өткізу үшін еліміздің өнерпаздарымен бірге  Мәскеуге аттанады. Оның орындаушылық шеберлігі өте жоғары бағаланып, жезтаңдай әншіміз көптің қошеметіне бөленген болатын. Концертімізді "Бұлбұл" деп атауымыз бекер емес, себебі әсем үнді Күләш апамыз қалың жұртшылыққа "Бұлбұл" есімімен таңылған еді. Кейінгі ұрпақ талантты өнер иесі есімін ешқашан ұмытпайды деп сенеміз.

Күләш апаның репертуары өте кең және бай. Бір концерттік бағдарламада барлық репертуарды орындау мүмкін емес. Күләш апамыз күй анасы Дина шешеймен өте жақсы қарым-қатынаста болған, сол себептен Динаның "Әсем қоңыр" күйін енгізіп отырмыз. Жамбыл атаның "Күләшқа" әні, Евгений Брусиловскийдің  "Қыз Жібек" операсынан "Гәкку", Латиф Хамидидің "Қазақ вальсі" мен  "Бұлбұл", Мұқан Төлебаветың  "Біржан мен Сара" операсынан айтыс, "Абай" операсынан Ажар ариясы, "Қыз Жібек" операсынан "Шегенің термесі" орындалады.

Сондай-ақ, Күләш Байсейітова Құрманғазы оркестрімен тығыз байланыста еді. Олар алғашқы гастрольдік сапарларға бірге барған. Соны ескере отырып, Құрманғазы бабамыздың "Сарыарқа" күйімен концертімізді аяқтаймыз. Елорда тұрғындары мен қонақтарын керемет кештің куәсі болуға шақырамыз".

Концертте Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткерлері: Арайлым Рахымқызы, Светлана Айтбаева, Сүндет Байғожин, Бибігүл Жанұзақ, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Алтынбек Әбілда, халықаралық және  республикалық  байқаулардың лауреаттары Феруза Рахметова, Әйгерім Аманжолова, Әйгерім Ораз, Талғат Аллабиринов, Ботагөз Тәшімова өнер көрсетеді.

Қазақ оркестрінің бас дирижері – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің иегері, профессор Айтқали Жайымов. Дирижёр – мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.12  course down  601  course down  6.52  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети