Елорда жолдарын сынға алған Парламент Мәжілісінің депутаты Тұрсынбек Өмірзақовқа Астана әкімдігі жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Елорда жолдарын сынға алған Парламент Мәжілісінің депутаты Тұрсынбек Өмірзақовқа Астана әкімдігі жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Астана қаласындағы жол-құрылыс жұмыстарына қатысты түрлі сындар толастар емес. Қанша түсіндірсек те, тұрғындарда жолдарды жөндеуге көп қаржы және уақыт жұмсалатыны туралы түсінік қалыптасып қалған. Мысалы, Жеңіс даңғылында жиі жөндеу жұмыстары жүргізілетіндіктен "геологтар көшесі" деп аталып кеткен. Алайда Астананың Көлік және автокөлік жолдары басқармасында шынайы ақпараттар беріледі. Аталған даңғылдың реконструкциясы 2011 жылы жасалған. Жеңіс даңғылында 3,5 шақырымға тұрмыстық құбырлар және телефон желілері жүргізілген. Сондай-ақ су құбырлары мен жылу өткізу құбырлары жаңартылған. Содан бері Жеңіс даңғылында жөндеу жұмыстары жүргізілмеген" - дейді әкімдіктің баспасөз мәлімдемесінде.
"Астананың маңындағы жолдар қаржының бөлінуіне байланысты жөнделеді. Соңғы үш жылда қаланың 21 елді мекенінде 65,34 шақырым жол, 177,75 инженерлік желі салынып, жөнделген. Пригородный, Күйгенжар, Казгородок, Казақауыл, Караөткел елді мекендерінде құрылыс-жөндеу жұмыстары аяқталған. Ағымдағы жылы 19,16 шақырым жол, 57,1 шақырым инженерлік желі салынады. Комсомол елді мекенінде және № 23 көшесінде жөндеу жұмыстары енді аяқталады. Сондай-ақ 16 елді мекендегі жол жөндеу жұмыстары жалғасады", - дейді әкімдіктегілер.
Қаланың 14 көшесін мердігерлік ұйымдар өз қаражатына қалпына келтіреді. Әкімдіктегілердің айтуынша, биыл жол жөндеу жұмыстарының сапасына бақылау жасау үшін Bureau Veritas халықаралық компаниясы тартылды. Аталған компания барлық құрылыс компанияларын тексеріп, жұмыс сапасына бақылау жасайды, техникалық тексеріс жүргізеді, тасжолдарға төселетін заттарды шығаратын зауыттарды аралайды.
Бұған дейін Парламент Мәжілісінің депутаты Өмірзақов Астанада кейбір жолдар қайта-қайта жөнделетіні туралы мәселе көтеріп, Көлік және байланыс министріне депутаттық сауал жолдаған болатын. "Жыл сайын елорданың жолдарын жөндеуге миллиардтаған қаржы жұмсалады. Осы қаржыға жыл сайын бір көше қайта-қайта жаңартылады. Айталық, Жеңіс даңғылында жөндеу жұмыстарының ұзақ, әрі жиі жасалатыны соншалық, ол көше "геолгтар көшесі" аталып кеткен, - деген болатын депутат.