30 маусым 2021 | 13:28

Елорда күнінде отшашу бола ма? Көлгінов жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов астанада Қала күні қалай атап өтілетінін айтты. Оның сөзінше, елордалықтарға арналған отшашу болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов астанада Қала күні қалай атап өтілетінін айтты. Оның сөзінше, елордалықтарға арналған отшашу болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алда қала күні. Қалада қандай мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады? Олар қандай форматта өтеді? Тұрғындар мен қала қонақтарына арналған отшашу бола ма?", - деп сұрады журналистер Орталық коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингінде.

"Әрине, Қала күні тұрғындар үшін ерекше мереке. Адамдар мейрамды атап өткісі келеді, көбі күтіп те жүрген шығар. Алайда эпидемиялық жағдайға байланысты жоспарымызға түзетулер енгіздік. Жыл басында жоспар болды, бірақ санитария дәрігерлерінің талабына құлақ аса отырып, жабық мекемедегі іс-шаралар онлайн форматқа ауысты. Ал көшеде әлеуметтік арақашықтық пен санитарлық талаптарды сақтай отырып, өткізіледі", - деді әкім журналистер сауалына жауап бере отырып.

Оның сөзінше, Астана күнін әлеуметтік бағытта өткізу жоспарланып отыр. Сол күні кезекте тұрғандарға 400 пәтер, үлескерлерге 20 көпқабатты тұрғын үй мен 50 жөнделген аула қолданысқа беріледі. Қала басшысының айтуынша, астанада зағип балаларға арналған балабақшаның ашылуы өтеді.

"Біз пайда әкелетін нақты жобаларға назар аударғымыз келеді. Бірақ, әрине, адамдарды да қуантқымыз келеді, бірақ іс-шаралар қысқартылды", - деді ол.

"Отшашу жоспарда жоқ", - деді Алтай Көлгінов сұраққа жауапта.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, елорда күніне арналған іс-шаралар онлайн форматта өтеді, ал қалған бөлігі өтпейді.

Елорданың бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенованың қаулысына сәйкес жабық орындар мен концерт залдардағы іс-шараларға тыйым салынған. Сондай-ақ ашық ауадағы аттракционның барлық түрінің жұмысына тыйым салынады.

Толымдылығы 20 пайыздан аспайтын театрлардың, сондай-ақ ПТР-тесттері бар жылжымалы концерттердің жұмысына ғана рұқсат етіледі.

Сол сияқты Ashyq жобасы негізінде карантиндік шараларды қатаң түрде сақтай отырып, ашық ауада өтетін іс-шараларға рұқсат етіледі.

Мысалы, 6 шілдеде "МузАрт" онлайн-концерті жоспарланған. Онлайн-трансляция бойынша барлық ақпарат Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының Instagram желісіндегі @ns.madeniet парақшасында жарияланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети