05 қараша 2021 12:16

Елорда құтқарушылары жабық жолдарды айналып өтудің қаупін ескертті

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Елордалық ТЖД бастығының орынбасары Есен Байыров жабық жолдарды елемейтін азаматтардың айналма жолда қалай тұрып қалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Елордалық ТЖД бастығының орынбасары Есен Байыров жабық жолдарды елемейтін азаматтардың айналма жолда қалай тұрып қалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Былтыр қыста азаматтар дауылды ескертуді елемей, автожолдардағы қозғалыстың шектелгенінен айналма жолдарды пайдаланды. Салдарынан техника қар құрсауында қалып қойды. Осылайша, олар өз өмірі мен жақындарының өміріне қауіп төндірді", - деді Байыров әкімдікте өткен брифингте.

Ол суық ауа райы басталғанына орай жолдағы оқиғалардың саны артып келе жатқанын атап өтті.

"Ауа райы болжамы туралы халыққа СМС, БАҚ, әлеуметтік желілер, Telegram арқылы дауылды ескерту жасаймыз. Қыста жолда сақ болыңыз. Дауылды ескертулер жарияланған кезде алыс жаққа барудан бас тартыңыз. Жүргізушілер жолдардың жағдайы туралы ақпаратты қадағалау қажет. Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз", - деп атап өтті Есен Байыров.

Сондай-ақ, қыста көп оқиға болатынын айтты. Негізгі қауіп - көктайғақ, үсік шалу, адамдар мен техниканың мұз астына түсіп кетуі, адамдар жоғалып кететін қарлы боран мен бұрқасын.

"Мұндай жағдайға тап болмас үшін бірнеше күн бұрын ауа райы болжамын ескеріп, қаладан өз автокөлігіңізбен шығуды жоспарлау қажет. Өзіңізбен бірге байланыс құралдары, жылы киімдер мен дәрі-дәрмектер болу керек", - деді Байыров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети