Елорда мектептерінде инклюзияны қолдау мақсатында қосымша 10 кабинет ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елорда мектептерінде инклюзияны қолдау мақсатында қосымша 10 кабинет ашылады Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңа оқу жылында елорданың 10 мектебінде инклюзияны қолдау кабинеттері ашылады, - деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа оқу жылында елорданың 10 мектебінде инклюзияны қолдау кабинеттері ашылады, - деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Кабинеттерді жабдықтауға арналған қаражат қайырымдылық марафоны аясында жиналды. Қаражаттың бір бөлігі қор бюджеті есебінен бөлінеді. Қазіргі таңда жөндеу және құрылыс-монтаж жұмысы қарқынды жүріп жатыр.

Астана қаласының Білім басқармасы белгілеген кабинеттер №23, 29, 48, 54, 60, 71, 83, 91, 96 және 98 мектептерінде ашылады. Бұл мектептерде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға жағдай жасау аса қажет. Осылайша инклюзивті біліммен 535 бала қамтылады. Бұған дейін де қаладағы 11 мектепте осындай кабинеттер ашылған болатын, оның бесеуі өткен жылғы қайырымдылық марафон қаражаты есебінен іске қосылған.

Осылайша жаңа оқу жылында қор ашқан инклюзия кабинеттерінің саны 21-ге жетеді. Бұл жалпы қаладағы ерекше балалардың шамамен 40 пайызын осындай қолдау кабинеттеріне тартуға мүмкіндік береді.

Кабинеттер Open Space форматында жұмыс істейді және дефектолог, логопед, психолог бөлмелерімен қатар, қыш шеберханасын да қамтиды. Сонымен қатар, заманауи спорт жабдықтарымен жабдықталған емдік дене шынықтыру кабинеті де қарастырылған. Әрбір кабинет кемінде 60 шаршы метр аумақта орналасады, бұл балаларға ыңғайлы жағдайда сабақ өткізуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, жыл бойы педагогтар мен мамандар арнайы оқытудан өтіп, әдістемелік қолдаумен қамтамасыз етіледі.

Суреттер: Астана әкімдігінің баспасөз қызметіСуреттер: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Жоба Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.

Tengrinews
Астана әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети