Елорда полицейлері шетелдік заңсыз такси жүргізушілерін анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елорда полицейлері шетелдік заңсыз такси жүргізушілерін анықтады

Елордада полиция қызметкерлері шетелдік заңсыз такси жүргізушілерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада полиция қызметкерлері шетелдік заңсыз такси жүргізушілерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Елордада 21 ақпаннан бері "Мигрант" жедел-алдын алу шарасы жүргізіліп жатқаны хабарланды.

"Іс-шара басталғаннан бері полиция қызметкерлері шетел азаматтарының ел аумағында болу ережелерін бұзудың 184 дерегін анықтады, мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту дерегі бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды. Елден 20 шетелдік азамат шығарылды, Қазақстан Республикасында жергілікті уәкілетті органдардың рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асырған, жеке тасымалдаумен айналысатын 8 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Оның ішінде, полиция қызметкерлері жолаушыларды жеке тасымалдаған Тәжікстан Республикасының 26 жастағы азаматын мобильді қосымша арқылы ұстаған.

"Еңбек қызметін рұқсат алмай жүзеге асыру және ҚР аумағында заңсыз болу дерегі бойынша шетелдікке қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімі бойынша азамат ҚР аумағынан әкімшілік шығарылды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети