05 шілде 2020 17:08

Елорда тұрғындары дәріханалардағы баға бойынша қайда шағымдана алады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов дәрі-дәрмек бағасының негізсіз көтерілуіне байланысты қайда шағымдануға болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов дәрі-дәрмек бағасының негізсіз көтерілуіне байланысты қайда шағымдануға болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы мемлекеттік органдарға дәріханалардағы бағаны бақылауда ұстауды тапсырды. IKomek 109 базасында жедел желі іске қосылды.

Дәрі-дәрмектің бағасын негізсіз көтергені туралы шағымдар бойынша қала тұрғындары 109 нөміріне хабарласа алады. Өтініштерге жауап береміз", - деп жазды Көлгінов Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, Мемлекет басшысы бүгін Twitter-дегі жазбасында қазақстандықтардың дәріханалардағы бағаға қатысты шағымы орынды екенін айтты. Соған байланысты Үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеуді тапсырды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети