25 наурыз 2020 16:32

Елордада 1200-ге жуық әуежолаушы коронавирусқа тексерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келген жолаушылар стационарға, қайта жабдықталған қонақүйлерге жеткізілді. Олар коронавирусқа тексерген қала әкімдігіне алғысын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Нұр-Сұлтан қаласының медицина қызметкерлері 16 рейс жолаушыларын, шамамен 1300 адамды қабылдады. 1200-ге жуық адам сараптама нәтижесін алды. Азаматтар екі апта бойы үй карантинінде дәрігерлердің бақылауында болады.

"Елордада азаматтарды қай елден келгеніне қарамастан барлығын тексеріп жатқаны дұрыс болды. Сараптамадан өтіп қана біз өзіміздің және жақындарымыздың денсаулығы үшін сенімді боламыз. Балаларым мен немерелерімнің бұл індетке шалдыққанын қаламаймын", - деді Сергей Кравченко.

Алынған 1200 нәтиженің ішінен бір жолаушыдан коронавирус анықталды. Дәрігерлер әрбір жолаушыны тексеру арқылы қалаға вирустың жаңа легін кіргізіп алмауға және науқасты дер кезінде ауруханаға жатқызып, барлық қажетті медициналық көмекті көрсету мүмкін болып отырғанын айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети