Елордада Astana Leisure-2016 туристік көрмесі өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада Astana Leisure-2016 туристік көрмесі өтіп жатыр © astana.gov.kz

"Көрме" кешенінде жыл сайынғы Astana Leisure-2016 халықаралық көрмесі ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың сайтына сілтеме жасап. Шара барысында Қазақстанның өңірлерінен және басқа да мемлекеттерден 100 астам компания, соның ішінде туристік фирмалар, санаторийлер, әуе компаниялары және т.б. қатысады.

"Астана Конвеншн бюро" ЖШС көрмеге екінші рет қатысып отыр. Бұл жолы Recommended by EXPO бағдарламасы бойынша серіктестер - қонақүйлер, мейрамханалар көрсетілген үлкен стенд жасалды. Бұдан басқа, келісімшарт жасау мүмкіндігімен В2В-кездесулер өткізетін туристік агенттіктер мен қолөнершілер де бар.

"Астана Конвеншн бюро" ЖШС директоры Санияр Айтекеновтың айтуынша, бүгін Қазан қаласының Туризмді дамыту орталығымен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылады.

"Шараға келген Ресей, жақын жатқан мемлекеттердің туристік агенттіктері еліміздің әлеуетімен танысады, келісімдер жасасып, қажетті ақпаратты алады. Жалпы, Қазақстан туризм аясында ұсына алатынның барлығы осында көрсетілген. Дәстүрлермен де танысуға болады, концерттік бағдарлама да ұсынылады", - деді Санияр Айтекенов.

Биыл шара барысында қатысушылар мен қонақтар үшін семинарлар, қала бойынша экскурсиялар, ақпараттық турлар, ұтыс ойындары ұйымдастырылады.

Көрме 1 қазанға дейін жалғасады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети