Елордада баланы ұрған тәрбиешіге айыппұл салынды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Сот Нұр-Сұлтанда баланы ұрған балабақша тәрбиешісінің әкімшілік ісі бойынша шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сот Нұр-Сұлтанда баланы ұрған балабақша тәрбиешісінің әкімшілік ісі бойынша шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаланың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты балабақша тәрбиешісі әкімшілік жауапқа тартылғанын хабарлады.

"Сот М. атты тәрбиеші кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын салғанын анықтады. Соттың 2020 жылы 17 қарашада шыққан қаулысымен М. ӘҚБтК-нің 73-2-бабы 1-бөлігі "Ұрып-соғу, тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау" бойынша кінәлі деп танылды", - деп түсіндірді сот өкілдері.

Тәрбиеші 10 АЕК - 27 780 теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Қаулы заңды күшіне әлі енген жоқ.

Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы балабақша меңгерушісінің біліктілікті арттыру курстарында екенін, сондықтан басшының міндетін атқарушы тәртіптік жауапқа тартылатынын атап өтті.

Қыздың анасының айтуынша, 16 қарашада оған бақылау камераларындағы видеоны беруге уәде етілген, бірақ әлі күнге дейін алмаған. 

Тарап кеткен бейнежазбада тәрбиешінің балаға деген дөрекі қарым-қатынасы көрінеді. Кадрларда мұғалім алдымен қыздың қолын ұстап алады да кейін қолынан ұрып жібереді. Ол баланың үстіндегісін ауыстырған соң, киімін еденге тастайды, содан кейін итеріп жібереді. 

Оқиға 21 қазанда № 84 мемлекеттік балабақшада болған. Бала 3 жас 9 айда. Оның ата-анасы балабақшадағы мұндай жағдайды қыздың өзі айтқанға дейін білмеген. 

Әйел қыздарына тамақ берілмеген жағдай туралы да айтты, басқалары тамақтанып отырғанда олардың алдында бос табақтар тұрған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course down  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro