1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Елордада COVID-19-дың қай штамы басым? Санитария дәрігері жауап берді

Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова елордада COVID-19-дың қай штамы басым екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова елордада COVID-19-дың қай штамы басым екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елорданың бас санитария дәрігерінің сөзінше, республика аумағында COVID-19 штамдарының айналымын бақылау мақсатында зерттеу жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты екі айда бір рет зертханаға сынамалар жіберіледі екен.

"Желтоқсанның басында зертханаларға жеткізілген сынамалар бойынша соңғы деректерді айтсақ, молекулалық-генетикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша елордада дельта-штамм (47 пайыз), сондай-ақ дельта-плюс штамм (41 пайыз) басым айналымда. Айналым Алматыдағы сияқты", - деді Сархат Бейсенова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!