Нұр-Сұлтан төңірегіндегі маса мен шыбын-шіркейлердің ұшатын формаларына қарсы дезинсекция жұмыстарының 2 кезеңі басталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық әкімдік сайтына сілтеме жасап.

Ашық су қоймаларын және қаланың көшелерін өңдеу бойынша жұмыс бір мезгілде қаланың барлық аудандарынан басталды, бұл маса мен шыбын-шіркейлердің көрші аумақтардан ұшып келуіне жол бермеу үшін өте маңызды.
Дезинсекция және дератизация жұмыстарына "Сарыарқа", "Есіл", "Байқоңыр" және "Алматы" аудандарынан мамандардың 3 бригадасы, термогенератор, роторлы бүрку құралдары және басқа да арнайы техникалар тұрады. Өңдеу жұмыстарын 100-ден астам маман жүзеге асырады: бригадирлер, биологтар, дезинфекциялаушы мамандар.
"Сарыарқа" ауданында дезинсекция жұмыстары Жеңіс даңғылы-Бөгенбай даңғылы-Республика көшесі-Есіл өзенінің жағасы алаңдары аумақтарында жүргізіледі.
"Байқоңыр" ауданында - Жастар шағын ауданы шекаралары, Отырар, Иманов, Бараев, Кравцов, Ташенов, Тархан-Хусейн көшелері, Ақбұлақ және Есіл өзендері шекарасында, Ататүрік саябағында жүргізіледі.
"Есіл" ауданында - Есіл өзенінің жағасында Ақорданың бағытындағы рамстор көпірінен, "Сарыарқа" көпірінен және Бейсеков көшесіне дейін.
"Алматы" ауданында - Ақбұлак ауданы, Тәуелсіздік көшесі, Момышұлы даңғылы, Қошқарбаев даңғылы шаршы алаңында және Есіл өзені бойында жүргізіледі.