Елордада "I love Astana" сәулет композициясы пайда болды

© Vk.com

ВКонтакте әлеуметтік желісінің қолданушылары "Астанада" тобына елордаға деген сүйіспеншілікке арналған архитректуралық жаңа нысандардың суреттерін жариялады. Енді нысандар үш тілде болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мысалы, бүгін Кенесары мен Республика көшелерінің қиылысына "Жан жүрегім Астана" атты композиция қойылды.

Реклама
Реклама

"Мен Астананы сүйемін" екінші архитектурасы Кенесары мен Абылай хан жолайрығында орналасқан. 

Суреттерге қолданушылар жаңа архитектураға қатысты түрлі пікір жазған. Дегенмен, барлығы бұл қарқынмен елорда Қала күніне дейін құлпыратынын айтып жатыр.

ВКонтакте желісіне Аят Сепбаев жариялаған бұл фотодан тұрғындардың композиция фонында суретке түсіп қана қоймай, оның саясында демалып жатқанын көруге болады. 

Еске сала кетейік, маусым айының басында "Хан Шатыры" ойын-сауық және сауда орталығына қарама-қарсы жерден "I Love Astana" композициясы салынған болатын. Instagram желісінде #Iloveastana хэштегі танымал болып үлгерді, елорда тұрғындарының бірі бұл нысанды аспаннан видеоға түсірді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама