Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Астана тұрғыны EXPO-2017 нысандарын аспаннан видеоға түсірді

15 Маусым 2015, 15:24
6
© Youtube.com
© Youtube.com

Астана тұрғыны Виталий Перов EXPO-2017 құрылысын аспаннан видеоға түсірді, - деп хабарлайы Tengrinews.kz тілшісі.

Астаналықтың айтуынша, ол IT-маманы, квадрокоптер алғаннан кейін ғана ол видеоға түсіруге қызыға бастаған. Виталий видеоға түсіруді хобби еткен, дегенмен кейін оған коммерциялық ұсыныстар түсе бастапты. EXPO-2017 құрылыстарының видеосын ол 15 минутта түсірген. "Мен видоны алыстан, яғни рұқсат етілген жерден түсірдім. Сондықтан да күзетшілер қарсылық білдірген жоқ. Түсірілім жұмыстарына рұқсатты арнайы органнан алдым. EXPO тарабымен де келісімге келдім", - деді ол.

Перов Астананың кешегісі мен ертеңі туралы топтама жинап жатқанын айтты. "Тек Астанада ғана қаланың қалай тез дамып жатқанын байқауға болады. Мен осы қалада тұратыным үшін қуаныштымын", - деді астаналық.

Виталий Перов аспаннан бірнеше рет видео түсірген. Мысалы, ол Астанада маусым айының басында салына бастаған I love Astana архитектуралық формасын басқа қырынан көрсетіп, "ән салатын субұрқақты" да түсірді.

Еске сала кетейік, EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі Астанада өтеді. Көрмеге 100-ден астам ел мен халықаралық ұйымдар қатысады. Айта кетейік, 11 маусымда Талғат Ермегияев "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басшысы қызметінен босатылып, орнына Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков келді. Екі күннен кейін Ермегияев ұй қамауына алынды.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (6)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай