20 сәуір 2020 17:12

Елордада жол жөндеу жұмыстары басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Нұр-Сұлтан әкімдігі Сурет: Нұр-Сұлтан әкімдігі

Нұр-Сұлтан қаласында биыл жалпы ұзындығы 100 шақырым болатын 150 көше жөнделеді. Жұмысшылар жөндеу жұмыстарына кірісіп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігін есілтеме жасап.


Нұр-Сұлтан қаласында биыл жалпы ұзындығы 100 шақырым болатын 150 көше жөнделеді. Жұмысшылар жөндеу жұмыстарына кірісіп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігін есілтеме жасап.

"Биыл 150 көшені жөндеу жоспарланған. Оның ішінде 50 көше қаланың орталық бөлігінде - қоғамдық көлік жүретін магистральды көшелер. Олардың көбі орташа, кейбірі күрделі жөндеуден өтеді. 150 көшенің 100-і тұрғын алаптарда. Мысалы, Өндіріс, Кирпичный, Көктал, Лесозавод. Жол жұмыстары барлық тұрғын алаптарда жүргізіледі.

Біз биыл 21 нысанда жұмысты жалғастырамыз. Сондай-ақ Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жүргізіліп жатқан жұмыстар елорданың инженерлік және жол инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді. Биыл бізге "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы жақсы көмектесіп жатыр", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

ЖҚЖК бағдарламасы бойынша, жол жөндеуге 12 миллиард теңге бөлінді. Жұмыстың басым бөлігі тұрғын үй алаптарында жүргізіледі. Сонымен қатар 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети