Елордада жөндеуге байланысты бірқатар көше жабылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада жөндеуге байланысты бірқатар көше жабылады © Даниал Окасов

Нұр-Сұлтанда жөндеуге байланысты бірқатар көше жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда жөндеуге байланысты бірқатар көше жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қаланың көше-жолдары желілерін орташа жөндеу аясында Достық көшесінде Мәңгілік ел даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аралықта жолдың үстіңгі қабатын төсеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Осыған орай 30 мамыр мен 1 маусым аралығында жолды толықтай жабу көзделген.

Сондай-ақ, 30 мамырдан 7 маусымға дейін Бөгенбай батыр даңғылының Уәлиханов көшесінен Сарыарқа даңғылына дейінгі учаскесінде қозғалыс толық тоқтатылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары жолда кептелісте тұрмас үшін бағдарларын алдын ала жоспарлауы керек.

"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деді басқарма өкілі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети