Елордада жыл басынан бері 42 адам иіс тиіп уланған

24 Қазан, 14:27
0
Елордада жыл басынан бері 42 адам иіс тиіп уланған -

2019 жылдың 9 айында қалада өрт шықпағанына қарамастан 42 адам улы газбен уланды. Зардап шеккендердің 26-ы кәмелетке толмаған бала, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Елордалық ТЖ департаментінің қызметкерлері барлық азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін аса жоғары ынтамен сақтау қажеттігін ескертеді.

Құтқарушылар әр күн сайын жадынамалар тарата жүріп, рейдтер мен аралаулар өткізеді. Олардың барысында әр адам білуге тиіс қауіпсіздік ережелерін, улы газдан зардап шегушіге көрсетілуі тиіс алғашқы көмек туралы және жылыту пештерін дұрыс қолдануды үнемі ескертуде. Алайда жасалған ескертулерге қарамастан, азаматтар өрт қауіпсіздігін сақтай бермейді. Мәселен, ағымдағы жылдың 9 айында улы газбен уланудан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу салдарынан 42 адам жарақат алды, оның ішінде 26 бала бар.

Уланудың себебі, негізінен, жылыту пешінің ақаулығы болып табылады. Ағымдағы айда ТЖД қызметкерлері 44 мыңнан астам тұрғын үйді аралап, 76 988 адамды қамтыған, халықпен 224 жиналыс өткізді.

Халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлеріне 1 129 датчиктер орнатылды.

Жылыту маусымының басталуына орай, құтқарушылар улы газ өте қауіпті және тез әрі білінбей әрекет етеді, сондықтан адам өмірі мен денсаулығы істелген шаралардың жылдамдығына байланысты екен еске салады.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД қарапайым өрт қауіпсіздік ережесін сақтауды сұрайды:
пеш жағу кезеңі алдында пештерді жөндеу қажет, мұржаларын бір айда кем дегенде бір рет күйеден тазалап отырыңыздар;
майлы және газды тұрмыс құралдарын, тас және ағаш пештерін тексеру үшін жыл сайын арнайы әзірліктен өткен шеберлерді шақыртыңыздар;
өрт болған жағдайда "101» қызметіне телефон шалу керек.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай