20 наурыз 2021 11:14

Елордада қала маңына қатынайтын барлық автобус тоқтады

Фото: Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтанда көктайғаққа байланысты қала маңына қатынайтын барлық маршруттың қозғалысы тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CTS парақшасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда көктайғаққа байланысты қала маңына қатынайтын барлық маршруттың қозғалысы тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CTS парақшасына сілтеме жасап.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ) қала маңына қатынайтын барлық бағдардың қозғалысы тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ауа райының қолайсыздығына байланысты қала ішінде жүретін автобустар қозғалысын барынша баяулатты, сол үшін автобустар кестеден артта қалуы мүмкін. Компания өкілдері тұрғындарды түсіністік танытуды сұрады.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бүгін таңертең елордада екі автобус көктайғаққа байланысты жол апатына ұшырады. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан әуежайында 16 рейс кешігіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram