20 наурыз 2021 09:39

Астанада көктайғақ салдарынан автобустар жол апатына ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтанда автобус көктайғақ салдарынан бағананы құлатып, бір көлікке зақым келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Нұр-Сұлтанда автобус көктайғақ салдарынан бағананы құлатып, бір көлікке зақым келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полиция мәліметінше, маршрут автобус Тұран даңғылы жағынан Қорғалжын тасжолы бойымен келе жатып, көктайғаққа байланысты жарық бағанасына соқтығысқан, ол құлап, қозғалып бара жатқан "Лада Гранта" маркалы автокөлігіне зақым келтірді. Жол-көлік оқиғасында зардап шеккендер жоқ.

Сондай-ақ, шамамен сағат 08.05-те Тілендиев даңғылы бойында автобус жүргізушісі көлігін басқара алмай, жеңіл автокөлікпен соқтығысып қалды. Одан ары үлкен жүк көлігіне соғылды.

Оқиға болған жерде полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр. Автобус жүргізушісіне медициналық көмек көрсетілді.

ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, елордада кейінгі тәулікте 87 жол-көлік оқиғасы тіркелген. 

"Жүргізушілерден қозғалыс кезінде абай болуды, жылдамдық асырмауды, қауіпсіз қашықтықты мүлтіксіз сақтауды сұраймыз. Осыған байланысты жүргізушілерді жаяу жүргіншілер өткелі алдында қозғалыс жылдамдығын барынша төмендетіп, мұқият болуға, жылдамдық режимінен аспауға ескертеміз", - деді қалалық полиция өкілдері көктайғаққа байланысты ескерту жасап.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети