Бұдан былай Астадана үш мыңға жуық видео-камера жолдар мен тұрғын үйлердің кіреберіс аумағын, ішкі кіреберіс пен балалар алаңын қалай тазалап жатқанын онлайн жүйеде бақылайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік сайтына сілтеме жасап.
Бұдан былай Астадана үш мыңға жуық видео-камера жолдар мен тұрғын үйлердің кіреберіс аумағын, ішкі кіреберіс пен балалар алаңын қалай тазалап жатқанын онлайн жүйеде бақылайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік сайтына сілтеме жасап.
"Астана Тазалық" ЖШС мәліметінше, қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы қаладағы қар тазалаудың сапасын тәулік бойы бақылайтын болды. Олар коммуналдық қызметтің жұмысына мониторинг жасайтын қалалық бейнебақылау жүйесінің көмегімен онлайн режимде жүргізеді.
Мәселен, қары тазаланбаған ауланы анықтаған жағдайда мониторинг орталығының операторлары ол жерге қар тазалайтын техника мен жұмысшыларды жібереді.
Айта кету керек, бейнебақылаудың жалпы жүйесіне әзірге Үркер мен Көктал тұрғын алаптары қосылмаған.
"Қаланы қардан тазалауға 300 жұмысшы мен 256 арнайы техника жұмылдырылған. Қыс басталғалы астананың үш ауданынан полигонға 2 421 266 текше метр қар шығарылды", - делінген хабарламада.
Қала тұрғындары үшін барлық тұрғын үй-коммуналдық мәселеге қатысты, оның ішінде қар шығару жұмысын қадағалап, тәулік бойы жұмыс істейтін қалалық Мониторинг және жедел әрекет ету орталығына, саІІ-орталықтағы 109 номеріне қоңырау шалуларына мүмкіндіктері бар.
Қаладағы коммуналдық шаруашылықтың жұмысын сапасын бақылау және жандандыру мақсатында қалалық әкімдік үйдің жанындағы тазартылмаған қарды шығару үшін тұрғындарға ПИК-ке (басқарушы компания) жүгіну қажет екендігін еске салады.