Елордада қоғамдық көліктегі тағы бір жеңілдікті алып тастамақ, - деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".
Елордада қоғамдық көліктегі тағы бір жеңілдікті алып тастамақ, - деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".
Телеарнаның мәліметінше, автопарк басшылары көлік карталарындағы келесі автобусқа тегін міну мүмкіндігін алып тастауды сұрап отыр.
Тасымалдаушылар тиімсіз жүйенің кесірінен күніне 300 миллион теңге табыстан қағылып отыр екен. Ал картаға жауаптылар болса шілде айында өзгерістер болуы мүмкін дейді.
"Біздің шығындарымыз. Қызметкерлердің жалақысына 10 миллион теңге, салыққа 2 миллион 827 мың, жанар-жағар май 10 миллион 619 миллион теңге жұмсалды. Мәселен, өткен айда біз 242 мың жолаушығы жалпы сомасы 21 миллион теңгеге қызмет көрсеттік. Ал, қолымызға алғанымыз бар-жоғы 12 миллион. Бұлай жұмыс істеу тиімсіз. Сондықтан ауысып отыру функциясын алып тастауды сұраймыз", - дейді №5 автобус паркінің басшысы Иван Захарчук.
Карта жүйесі елорда автобустарына енгізілгелі көп жолаушыларға діттеген жеріне бір рет ақы төлеп баруға үлкен мүмкіндік ашылғаны анық. Алайда автобус паркінің басшылары 1 сағаттың ішінде бір көліктен екіншісіне тегін міну функциясын алып тастау жөнінде бастама көтеріп отыр.
"Кейде адамдар 3 автобус ауыстыруына тура келетін жағдайлар болады. Әрине, барлығына төлей беру оларға тиімсіз. Жол ақысы да арзан емес, қымбат". "Халыққа өте тиімді сол жағы, пересадка болған жағы. +00:20 Қазір халықтың көбісі жұмыссыз, біріншіден. Автобусқа түсетін жерлері көп. Бірнеше автобусқа мініп баратындар бар. Сондықан ол халыққа тиімсіз. Бірінші халықтың жағдайын ойлау керек, өкімет болғаннан кейін". "Қарапайым халыққа қиын болады ғой. 90 теңге выгодно, 180 теңгеден көрі. Менің ойымша ешкім келіспейтін секілді". Жолаушылар тасымалына жауаптылардың сөзінше, қаладағы 8 бірдей автобус паркі адамдарды тегін тасимыз деп ай сайын әрқайсысы 25-30 млн теңгеге шығынға батады екен. Ал, егер бұл жүйені мүлде алып тастасақ, түскен сома жыртығымызға жамау болар еді, - дейді №5 автобус паркінің басшысы.
"Сол уақытта басталғанда мен айтқанмын. Жігіттер сендердің мыналарың дұрыс емес деп. Акиматтың жігіттеріне. Мынау, бесплатная пересадка в течение часа деген нәрсе ол "мера популистическая". 90 теңгенің өзі шығындарын жаппай тұрған уақытта сендер 1 сағатқа 3 автобуста жүруге болады. Ол қалай есептеледі? Оның есептелуінің өзінде себеп бар", - дейді Транспортшылар кәсіподақ ұйымының мүшесі Бағдат Байжақанов.
"Астана ЛРТ" мекемесінің дерегінше, қазір қалада тегін автобустқа міну функциясын қолданушылардың саны күн санап артып барады. Мәселен, өткен жылдың соңында ыңғайлы жүйені күніне орта есеппен 100 мың жолаушы пайдаланған. Бүгінде ол сандар әлде қайда жоғары. Сондықтан, жауаптылар тасымалдаушылардың бұл өтінішін әлі талқылаймыз деп сендірді.