Елордада Қорғаныс министрлігі аумағында дрон ұшырған екі ресейлік ұсталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада Қорғаныс министрлігі аумағында дрон ұшырған екі ресейлік ұсталды

Астанада Қорғаныс министрлігі аумағында дрон ұшырған екі ресейлік ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Қорғаныс министрлігі аумағында дрон ұшырған екі ресейлік ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Ресейдің екі азаматы Есіл аудандық полиция бөліміне жеткізілген. Істі тексеру барысында 21 және 28 жастағы жастардың Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аймағында және жағалау маңында ұшқышсыз ұшақтарды ұшырғаны анықталған.

Азаматтардың квадрокоптерді пайдалануға рұқсаттары болмаған.

"Құқықбұзушылықтар ақпаратты есепке алу кітабына тіркеледі. Қазіргі уақытта материал заңды шешім қабылдау үшін Азаматтық авиация комитетіне жіберілді. Аталған тұлғалармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Астана қаласының Полиция департаменті Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік бар екенін ескертеді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети