Астанада салт жоралғыларды жасаудың негізгі орындары анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Астанада салт жоралғыларды жасаудың негізгі орындары анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
23 тамызға дейін елордада құрбандық шалу ұйымдастырылады деп хабарланды.
Алматы ауданы:
1. "Метро" СҮ (Астана-Қарағанды тас жолы)
Байқоңыр ауданы:
1. "Нұрбереке-555" ЖШС, Алаш шоссесі, 30 ("Көк Базар" базарының арты)
2. "Есжанова А" ЖК, "Жайлау", Алаш шоссесі, Ц 313 көшесі,
3. "Шаушен" ШҚ, "Астана-Павлодар" тас жолы, 9 шақырым
4. "Темеш" ШҚ, Астана – Софиевка тас жолы 7 шақырым
Есіл ауданы:
1. "Алтын-Таға" базары, Қосшы кентінің маңы
Сарыарқа ауданы:
1. "Ұлжан" әмбебап базары, (бұрынғы "Саянұр" базары)
Сонымен қатар, "Құрбан айт" мерекесін атап өту күндері халыққа құрбандық шалу және тағы басқа өзекті мәселелер бойынша ақпараттандыру үшін тәулік бойы "2288" Call-center жұмыс істейді.
Құрбан айт - Рамазан айынан соң 70 күннен кейін атап өтілетін, қажылық сапарының аяқталу мейрамы. Әлемнің барша мұсылмандары "Құрбан айт" мейрамын жыл сайын атап өтеді, - деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.