Елордада мейрамханалар жаңа жұмыс режиміне көшеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада мейрамханалар жаңа жұмыс режиміне көшеді Фото: Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда карантин шектеулерін қатаңдату туралы жаңа қаулыға қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова қол қойды. Қоғамдық тамақтану объектілерінің демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда карантин шектеулерін қатаңдату туралы жаңа қаулыға қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова қол қойды. Қоғамдық тамақтану объектілерінің демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қол қойылған құжатқа сәйкес елорданың мейрамханалары, кафелері, барлары және асханалары жұмыс күндері таңғы 7-ден кешкі 22-ге дейін жұмыс істей алады. Демалыс күндері келушілерді қабылдауға тыйым салынады.

"Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) орналасқан жеріне қарамастан, ғимараттардың ішінде толтырылуы 50 пайызға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын шарттарды сақтаған жағдайда, бір үстелде 4-6 адамнан аспайтын отыру мен көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, тамақты жеткізу және шығару қызметін қоспағанда жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 7:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру", - делінген елорданың санитария дәрігерінің қаулысында.

Бұл ретте ұжымдық, салтанатты, отбасылық, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), мерекелік корпоративтер мен басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады.

Жаңа қаулы 2021 жылғы 30 наурызда күшіне енеді.

Еске салайық, Нұр-Сұлтан 10 наурыздан бастап эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша "қызыл аймақта" орналасқан. Күн сайын қалада коронавирус инфекциясының 300-ден аса жаңа жағдайы анықталады. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан КВИ ауруының өсуіне жол бермеу үшін санитария нормалары мен карантин режимінің талаптарын қатаң сақтау талап етіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети