Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілгенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілгенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.
"Демалыс, мереке күндері де, басқа күндері де мониторингтік топтар жұмысы күшейтіледі. Нысан иелері коронавирус инфекцясының таралмауына мән беруі керек. Біз жұмыс уақытын ұзарттық, сондықтан жұмыс кестесін бұзбауды, сол сияқты санитарлық нормаларды толықтай сақтауды талап етеміз. Немқұрайлы қараған кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылады. Қала тұрғындары денсаулығы үшін барлық шара қабылданып жатыр", - деді Сархат Бейсенова.
Ол соңғы тәулікте инфекцияның 112 жағдайы тіркелгенін, 110 ошақ анықталғанын айтты.
"Жыл басынан бері елордада 7603 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Оның ішінде қаңтарда – 3763 адам, ақпанда – 2811 адам және наурызда – 1029 адам. Сондай-ақ, науқастармен байланыста болған адамдардың үлес салмағы ақпандағы 45 пайыздан наурызда 49 пайызға дейін өскені байқалады. Бұл адамдар алдын алу шараларын сақтамайтындығын көрсетеді", - деді елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері.
Сархат Бейсенова қалада 912 ошақ бар екенін, онда 2500 байланыста болған адам медициналық бақылауда тұрғанын айтты.
"Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында пилоттық жобаға 36 кәсіпкерлік нысан қатысып жатыр. "Ashyq" пилоттық жобасы нысандарға кірген кезде келушінің денсаулық жағдайын анықтауға мүмкіндік береді, яғни өзін-өзі оқшаулау режимін бұзатын адамдарды анықтауға бағытталған", - деді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!