Елордада Nur-AvtoKz директоры ұсталды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада Nur-AvtoKz директоры ұсталды Сурет:elements.envato.com

Нұр-Сұлтанда Nur-AvtoKz автоорталығы директоры алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанда Nur-AvtoKz автоорталығы директоры алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Департамент мәліметінше, тұрғындар полицияға Nur-AvtoKz басшылығының үстінен шағым түсірген. Олардың айтуынша, ол алдап клиенттерден ақша алған.

"Компанияның 28 жастағы директоры автокөліктерді сатамын деп азаматтармен келісімшарт жасасқаны, бірақ шарттарды орындамағаны анықталды. Сонымен қатар, күдікті сату-сатып алу келісімшарттарын жасап, азаматтардың көліктерін алған, бірақ ақшасын төлемеген. Кейін көлік үшінші біреуге сатылған", - деп хабарлады ДП баспасөз қызметінде.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, полиция алаяқтық дерегі бойынша қылмысты тіркеп, сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Nur-AvtoKz ЖШС директоры тергеу изоляторына қамалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

КТК телеарнасының хабарлауынша, жәбірленушілер 7 миллиард теңгеге алданған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети