Елордада қатерлі ісік ауруларының алдын алу бойынша онкүндік аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада қатерлі ісік ауруларының алдын алу бойынша онкүндік аяқталды © stomexpert.kz

Елордада Дүниежүзілік сүт безінің қатерлі ісігімен күрес күніне арналған қатерлі ісік ауруларының алдын алу бойынша онкүндік аяқталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада Дүниежүзілік сүт безінің қатерлі ісігімен күрес күніне арналған қатерлі ісік ауруларының алдын алу бойынша онкүндік аяқталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Он күннің ішінде 972 әйел тексеруден өтті. Шара бір уақытта бірнеше медициналық мекемеде, соның ішінде, онкологиялық орталықта ұйымдастырылды. Ал «Астана су арнасы» кәсіпорнында акция кезінде 357 әйел медициналық тексеруден өтті.

Соңғы үш жылда Астанада осы індетпен ауыру көрсеткіші артып келеді. Мамандардың айтуынша, бүгінгі күні ауруды ерте анықтаудың және емдеудің жаңа және инновациялық әдістері бар. Ал дәрігердің көмегіне уақытында жүгінген жағдайда аурудан толықтай айығуға мүмкіндік бар.

Қазіргі кезде астаналықтар тұрғылықты жері бойынша 11 емхана мен 9 ішкі аудит қызметінде онколог дәрігерлердің тегін тексеруінен өте алады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети