Елордада сұлулық салондары, білім беру орталықтары мен моншалар жұмысын бастайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада сұлулық салондары, білім беру орталықтары мен моншалар жұмысын бастайды

Дүйсенбі, 17 тамыздан бастап Нұр-Сұлтанда сұлулық салондары, білім беру орталықтары мен моншалар жұмыс істей бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы елорданың бас санитар дәрігердің қаулысында жазылған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүйсенбі, 17 тамыздан бастап Нұр-Сұлтанда сұлулық салондары, білім беру орталықтары мен моншалар жұмыс істей бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы елорданың бас санитар дәрігердің қаулысында жазылған.

Қаулыда Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мына қызмет түрлерінің жұмысын қамтамасыз ету керегі жазылған:

  • азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ашық ауада) жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 10:00-ден 17.00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;
  • сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын жұмыс күндері күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, демалыс аймақтарында және демалыс орындарында сатып алушылардың болуын қоспағанда, бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30 пайыздан аспайтын толымдылығын сақтай отырып, жұмыс кестесін сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін белгілеумен жәнедемалыс күндері жұмысқа тыйым салуменұйымдастыру. Бұл ретте көрсетілген объектілер мен олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарының, кинотеатрлардың, ойын орталықтарының, фудкорттардың жұмысына қатаң тыйым салынады;
  • жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысын бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30 пайыздан аспайтын толымдылығын сақтай отырып, жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін белгілей отырып және демалыс күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру;
  • балалар мен ересектерге арналған түзету кабинеттерінің жұмысын (алдын ала жазылу бойынша, 5 адамнан артық емес) күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 11-ден 18.00-ге дейін белгілей отырыпжәне демалыс күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру;
  • білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының жұмысын (5 адамға дейінгі топтарда алдын ала жазылу бойынша) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 11.00-ден 18.00-ге дейін белгілей отырып және демалыс күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру;
  • сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызметтер,маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін орталықтар мен салондардың жұмысын (қатаң түрде 1 келушіге 4 м2 есебінен алдын ала жазылу бойынша) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс күндері жұмыс кестесін 10.00-ден 20.00-ге дейін белгілей отырыпжәне демалыс күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру;
  • моншалардың, сауналардың (бассейнсіз, массажсыз және пилингсіз) жұмысын бір мезгілде келушілердің жобалық сыйымдылығы 30 пайыздан аспайтынқатысумен жұмыс күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін (алдын ала жазылу бойынша)жұмыс режимін уақытша шектей отырып және демалыс күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру;
  • фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың (бассейнсіз, массажсыз және пилингсіз) жұмысын 1 келушіге 5 кв.м дейінгі және 50 пайыздан аспайтынтолтырумен қамтамасыз ету кезінде, қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін белгілей отырып және демалыс күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру;
  • мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтардың жұмысын меншік нысанына қарамастан, әр топта 15 баладан аспайтындай толтырумен, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық және карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып, жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 07:30-ден 18:00-ге дейін белгілеумен және демалыс күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру;

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети