Елордада тағы бір жаңа ескерткіш ашылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Дина Нұрпейісоваға арналған ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Дина Нұрпейісоваға арналған ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Астана күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша халық композиторы, қазақтың көрнекті домбырашысы - күйші Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды.

Мемлекеттік хатшы қазақ халқының өміріндегі домбыраның рухани орнын атап өтіп, халық күйлерін орындаушы күйші ретінде кеңінен танымал Дина Нұрпейісованың ерекше жарқын шығармашылығы туралы айтты. Қырымбек Көшербаев Дина Нұрпейісованың концерттік қойылымдарының жазбалары халқымыздың мәдени қазынасында ерекше орын алатынын, ал оның шығармашылық мұрасы бүгінге дейін ұлттық өнердің одан әрі дамуына үлкен үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

"Бүгін Дина Нұрпейісованың ескерткішін салтанатты түрде ашып отырмыз. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, Атырау облысының жұртшылығына және мүсінші Бауыржан Жалынға осы тамаша жобаны жасағаны үшін алғыс айтамын. Ең алдымен, бұл ұлттық өнерге, баға жетпес мұраға, халқымыздың байырғы дәстүрлеріне арналған ескерткіш. Бүгін өткенге құрмет көрсетіп, болашақ үшін бар жақсылықты сақтай отырып, домбыраның рухани күші әрқашан Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне ілеседі деп сенеміз", - деді Қырымбек Көшербаев.

Іс-шараға премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, күйші Айгүл Үлкенбаева және басқа да қоғам өкілдері қатысты.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда Қаныш Сәтбаевтың ескерткіші орнатылғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro