ПОДЕЛИТЬСЯ
12 мамыр 2021 | 13:02
Елордада тағы бір сауда орталығында вакцинация пункті ашылды
"Сарыарқа" сауда және ойын-сауық орталығында коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Сарыарқа" сауда және ойын-сауық орталығында коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елордада тағы бір ірі сауда орталығы - "Сарыарқада" коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация басталды.
"Сауда орталықтарында вакцинация пункттерін ұйымдастыру жұрт арасында екпеге деген сұранысты көрсетеді. Қазіргі уақытта қаладағы 9 сауда кешенінде 15 мыңға жуық адам вакцина алды. Қала тұрғындары үйіне, жұмысына жақын жерде егу пунктін ашу туралы жиі өтініш жасайды. Осылайша халыққа ыңғайлы болу үшін қаланың барлық ірі сауда нүктелерін қамтып отырмыз", - деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.
Қала бойынша дозаның бірінші компонентін 132 мыңнан аса адам алған.
"Сарыарқа" сауда орталығындағы пункт екінші қабатқа көтерілгенде оң жағында орналасқан. Жұмыс кестесі сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін.
Сонымен қатар, бүгінде елордада "Mega Silk Way", "Keruen", "Хан Шатыр", "Абу-Даби Плаза", "Азия Парк" сауда ойын-сауық орталықтарында, "Биг Шанхай" сауда кешенінде, орталық базарда, "Әлем" және "Астаналық" сауда орталықтарында да вакцинация пункттері бар.
Вакцинация пункті көбеюіне байланысты БМСК ұйымдарының жұмыс уақыты қысқарып, 08:00-22:00 аралығына белгіленсе, сауда орталықтары үшін жұмыс тәртібі өзгеріссіз қалған – сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін.
Сондай-ақ, халықтың жоғары белсенділігін ескере отырып, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы көшпелі бригадалар ұйымдастырып, ұжымдарда жаппай вакцинация жүргізіп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также