1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Елордада тағы екі сауда орталығында вакцинация пункті ашылады 22 сәуір 2021, 11:09

Нұр-Сұлтанда жақын арада вакцинация пункті "Керуен" мен "Абу-Даби Плаза" кешенінде ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Нұр-Сұлтанда жақын арада вакцинация пункті "Керуен" мен "Абу-Даби Плаза" кешенінде ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әкімдіктегілер сауда және ойын-сауық орталықтарында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бәрі медициналық ұйымдарындай сақталатынын айтты. 

"Бүгінде жоғарыда аталған сауда және ойын-сауық орталықтарынан басқа "Мечта" сауда желісінен, "Солтүстік" СҮ, "Нұрбереке 555" ЖШС жаппай вакцинация жүргізу үшін егу пункттерін ашу талаптарын түсіндіру жөнінде өтініш жолдады.

Халықты вакцинациялаумен барынша қамтуға қол жеткізу мақсатында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 12.04.21 ж. қаулысының талаптарына сәйкес егу пункттерінің жұмысы үшін тиісті жағдай жасалған объектілердің сағат 22.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілді", - делінген хабарламада.

Елордада қазір вакцинациялайтын 100 кабинет бар. Бұған дейін егу пункттері "Mega Silk Way" және "Хан Шатыр" сауда және ойын-сауық орталықтарында ашылған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!