Нұр-Сұлтан әкімдігінде құрылыс компаниялары өкілдерімен құрылыс нысандарын аяқтау мәселесі бойынша кеңес өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Нұр-Сұлтан әкімдігінде құрылыс компаниялары өкілдерімен құрылыс нысандарын аяқтау мәселесі бойынша кеңес өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Оған құрылыс нысандарында мәселе туындаған құрылыс салушылар қатысты. Оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстары баяу жүргізіліп жатқан, құрылысты аяқтау кестесінен қалып қойған, тапсырыс беруші мен мердігер арасында сот талқылаулары жүргізіліп жатқан, қаржыландырылмаған және тағы басқалары бар.
"Мысалы, бұл "ЭРА" ЖШС, "Роз Тал" ЖШС және басқалары. "Лея" ТК құрылысы 2016 жылы басталды. "За рекой" ТК-ны салушыға құрылыс жұмыстарын жандандыру және осы нысанды биыл аяқтау тапсырылды", - делінген Нұр-Сұлтан әкімдігі сайтындағы хабарламада.
Елорда әкімі Алтай Көлгінов құрылыс салушыларға әкімдіктен рұқсат алғанға дейін немесе "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ кепілдігін алғанға дейін үлескерлердің ақшасын тарта бастаған жағдайда, олар қара тізімге енгізіліп, материалдар құқық қорғау органдарына берілетінін ескертті.
Сонымен қатар, құрылыс компаниялары рұқсат алғанға дейін құрылыс-монтаж жұмыстарына кіріссе, лицензиясынан айырылуы мүмкін. Талаптарды сақтамаған құрылыс салушылардың тізімі әкімдіктің ресми сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты түрде жарияланады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!