Елордада Тәуелсіздік күніне орай мерекелік отшашу ұйымдастырылады

16 Желтоқсан 2019, 15:15
0
Елордада Тәуелсіздік күніне орай мерекелік отшашу ұйымдастырылады - Сурет: Тұрар Қазанғапов
Сурет: Тұрар Қазанғапов

Бүгін, 16 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай елорда тұрғындары мен қонақтары мерекелік отшашуды тамашалай алады, - деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Мерекелік отшашуды астаналықтар Есіл өзенінің жағалауынан (Сарыарқа ауданы, Орталық саябақ), Хан шатыр маңында (Есіл ауданы), сондай-ақ Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында (Алматы және Байқоңыр аудандарының қиылысында) тамашалауға мүмкіндігі бар. Отшашу жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-де басталып, 10 минут бойы жалғасады.

Фейерверктің техникалық сипаттамаларына сай, әр нүктеден 4500-ден 5000-ға дейін фейерверк ату жоспарлануда. Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында әр нүктеде 7 адамнан жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, мерекелік отшашу қаланың биік ғимараттарымен қоршалмаған кез келген нүктесінен көрінетінін атап өту қажет.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, салют өткізуге бюджет қаржысы жұмсалмайды және толығымен демеушілік қаражатқа жасалады.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай