Елордада терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өтіп жатыр © Тұрар Қазанғапов

Ағымдағы жылғы 30 қарашада сағат 08.00-ден бастап 14.00-ге дейін елордалық Терроризмге қарсы күрес жедел штабы "KEGOK" АҚ филиалы - "Ақмола жүйеаралық электр желілері" жағдайында террорға қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық терроризмге қарсы күрес жедел штабына сілтеме жасап хабарлайды.

"Іс-шараның мақсаты ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру және елорданың энергетикалық кешеніндегі террорлық көріністерге шұғыл ден қою бойынша мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен бірлескен іс-қимылды тәжірибелік тұрғыда пысықтау болып табылады", - делінген хабарламада.

Оқу-жаттығу түрлі күрделі элементтермен жауынгерлік жағдайларға барынша жақындатылған. Оқу-жаттығуды өткізу кезеңінде шектеу шаралары қаралатын болады.

"Осыған байланысты азаматтардың өткізілетін оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауын, қауіпсіздік шараларын сақтауын, жұмылдырылған мемлекеттік органдар қызметшілерінің заңды талаптарын орындауын өтінеміз", - деді штаб баспасөз қызметінің өкілдері. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети