URANkz республикалық қоғамдық бірлестігі Нұр-Сұлтандағы тұрғын үйлердің жанында ақылы автотұрақтарды алып тастауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
URANkz республикалық қоғамдық бірлестігі Нұр-Сұлтандағы тұрғын үйлердің жанында ақылы автотұрақтарды алып тастауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бірлестік елорда тұрғындары құқықтарының бұзылуымен байланысты қалыптасқан жағдайға алаңдаулы. Бұл көшедегі тұрақ орындарын ақылы санатқа ауыстыру мен паркоматтарды кеңінен орнату мәселесіне қатысты.
"Бізге елорда тұрғындарынан көптеген өтініш келіп түседі. Трафикті азайту мен жаяу жүргіншілердің және көлік құралдарының қозғалысына қолайлы жағдай жасауды көздейтін жоба іс жүзінде қала тұрғындарын одан да ыңғайсыз жағдайда қалдырды. Бұл жобаның жүзеге асудағы дұрыстығына күмән келтіреді", - деп хабарлады URANkz.
"Біріншіден, қосымша тұрақ орындары болмаған жағдайда трафикті қайта бөлудің мәні жоқ. Сол жағалауда жаңа ғимараттардың ішкі тұрақтары бар. Ал қаланың ескі бөлігінде тұрақ үшін бөлінген орындар жоқ, сондықтан жүргізушілер көлігін көшеде қалдырады, ал паркоматтарды енгізгеннен кейін оған ақы төлеу керек.
Екіншіден, көлік құралдарын орналастыруға балама шешім болмаған жағдайда жоба "халыққа қарсы" шара - қарапайым азаматтар тарапынан бюджетке ақша жинау ретінде қабылданады", - деп толықтырды бірлестік өкілдері.
"Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтен осы мәселеге араласуын сұраймыз. Қаладағы кеңістікті жайластыру процесінде толық ашықтық қажет. Жұртшылық ақылы тұрақ орындарынан түскен қаражаттың қайда бағытталғанын көріп қана қоймай, осындай шешімдерді талқылауға белсенді қатысуы да керек", - деп атап өтті ұйымдағылар.
URANkz мынадай шешімдерді ұсынды:
- ірі іскерлік және сауда орталықтарынан алыс орналасқан тұрғын үйлердің жанындағы ақылы тұрақтарды алып тастау;
- тұрақта тегін тұру ұзақтығын келу сәтінен бастап 30 минутқа, сондай-ақ кешкі және түнгі уақытта 17.30-дан (жұмыс күні аяқталатын орташа уақыт) 9.00-ге дейін ұлғайту;
- оң жағалаудың тұрғындарына тұрақты тұрғылықты жеріне жақын тұраққа тегін абонемент беру, ол тіркелгенін растауы керек.
"Біз - URANkz арнайы бөлімшелерінің ардагерлері - маңызды саяси, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді іске асыру үшін біріккенбіз", - деп қорытындылады олар.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!