Елордада Ұлттық ұлан офицері жанып жатқан үйден газ баллондарын алып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада Ұлттық ұлан офицері жанып жатқан үйден газ баллондарын алып шықты Сурет: polisia.kz

Ұлттық ұлан офицері Марат Тұрғынбаев жанып жатқан нысаннан төрт газ баллонын алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық ұлан офицері Марат Тұрғынбаев жанып жатқан нысаннан төрт газ баллонын алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға 21 қаңтарда сағат 23.00-де болған. Өз пәтерінің балконында тыныстап тұрған әскери қызметші Айнакөл - Қошқарбаев көшелерінің қиылысында орналасқан жер үйлердің бірінен қара түтін шығып жатқанын байқайды.

Марат Тұрғынбаев уақыт жоғалтпай бірден сыртқа шығып, көмектесіп үлгерермін деген оймен сол үйге жүгіріп келеді. Түтіндеп жатқан үй ішіне кірген бетте газ баллондарға көзі түседі. Мұндай қадамның қауіпті екенін білсе де, оларды тездетіп қауіпсіз жерге шығара бастайды.

Жылдам әрі кәсіби іс-әрекетінің арқасында Ұлттық ұлан офицері жанып жатқан үйден төрт газ баллонды сыртқа шығарып, гаражда тұрған екі көлікті эвакуациялайды. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер тобы келгенше тілсіз жауды ауыздықтауға көмектеседі.

"Жүгіріп барғанымда қақпа алдында өртсөндірушілерді күтіп тұрған бес-алты адамды көрдім. Үйге қосылып тұрған монша мен тұрмыстық ғимараттар бұл уақытта жанып үлгерген екен. Үй ішінде түтіннен дым көрінбейді, беті-аузымды жеңіммен көмкеріп алып, жан-жақты барладым. Біраз газ баллондар тұр екен, соларды сыртқа таси бастадық. Жалпы сегіз баллон болған, үй иесі екеуіміз төрт-төрттен шығарыппыз. Сондай-ақ, ол кісіге гаражда тұрған екі көлігін сыртқа шығаруға көмектестім", - дейді әскери қызметші.

Көрші үйлердің аумағына қарай өткен от өртсөндірушілер мен тұрғындардың шұғыл көмегінің арқасында тоқтатылғаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети