Елордада жыл басынан бері 11 үрмелі батут жұмысын уақытша тоқтатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада жыл басынан бері 11 үрмелі батут жұмысын уақытша тоқтатты © Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Төтенше жағдайлар департаменті және аудандық әкімдіктерімен бірлесе отырып, балалардың жарақаттану және өлім-жітім оқиғаларының көбеюіне байланысты үрмелі батуттардың жұмысын уақытша тоқтатуға бағытталған шараларды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының хабарлауынша, Орталық, "Жетісу", "Жерұйық" және "Студенттік" саябақтарының әкімшілігі жүргізген жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан 11 үрмелі батуттың жұмысы тоқтатылды.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, қазіргі уақытта қала әкімдігі сауда, ойын-сауық орталықтары аумағында ойын-сауықтық нысандарды орнатуға рұқсат бермейді. Кәсіпкерлер сауда орталықтарында және басқа да жеке меншік объектілерде батуттарды екі кәсіпкерлік субъектісі арасында жалдау шарты негізінде орналастырады. Сондай-ақ, саябақ әкімшіліктері келісім-шарт бойынша жел секундына 10 метр жылдамдықпен соққанда, ауа райының тұрақтанғанына дейін батуттар және аттракциондар жұмысын тоқтатуы тиіс екені айтылады.

Аттракционға кірген балаға неге тәтті-пәтті беруге болмайды - Ойын алаңындағы ережелер

"Сонымен қатар, бүгінгі таңда ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіптік даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті батуттардың және аттракциондардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережесін әзірледі", - деп атап өтті инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасындағылар

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети