ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 19 қыркүйек 2019 09:05
Елордада жылқылардың неден қырылғаны анықталды
Нұр-Сұлтанда 28 жылқының неден қырылып қалғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полиция департаментінің қызметкерлері жылқылардың өлексесі көліктен түсірілгенін анықтады. Жануарлардың өлімінің алдын ала себебі - жүк көлігінің жабық болуына байланысты ауа жетпеуі. Қазіргі уақытта Полиция департаменті соталды тергеу жүргізіп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалған.
Полициядағылар қазіргі уақытта өлексенің полигон аймағына жеткізіліп, өртенгенін хабарлады.
Еске салайық, Нұр-Сұлтандағы жаңа мола маңында 28 жылқының өлексесі табылған. Олардың иесі әзірше табылмаған.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу